"Мұндай мүмкін емес". UFC чемпионының бапкері Шавкаттың құпиясы туралы

28 желтоқсан 15:10
©UFC

UFC-дің екі салмақта чемпионы Жорж Сен-Пьердің бапкері Фирас Захаби қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы ойын айтты, деп жазады Vеsti.kz.

Оның сөзінше, Шавкаттың биомеханикасы мінсіз болмағанымен қарсыластарының бәрін мерзімінен бұрын жеңуде. Осы себепті "Номад" көпшілік үшін құпия болып отыр. 

"Шавкат - феномен. Барды бар деп айту керек, ол феномен. Жекпе-жектерін көріп отырып ойлайтыным: "Бұл жігіт ненің арқасында сонша мықты". Бірақ әлі түсіне алмай келемін. 

Өмірімде мен сансыз айқастарды тамашлаған адаммын. Феноменальді, талантты спортшыларды жаттықтырдым... ал мына жігіт жұмбақ. "Вандербой" - соққысы керемет, тамаша, бірақ Шавкат оны  да қарымта шабуыл жасап, соққысын дарытпады. Мен шокта болдым. 

Шавкат - өзгеше. Мен оның жаңа жекпе-жектерін асыға күтемін. Бұл жігіттің әлсіз тұсы бар ма, соны білгім келеді. Ол Леон Эдвардсты жеңе ала ма? Жеңе алмайды деп айта алмаймын. Оның сегіз бұрышта жасайтыны - бұл ессіздік. Түсіне алмайсың. Әдетте ондай мүмкін емес. Мәселен оның биомеханикасын да алсақ... ол сондай кемел емес. Онда неге сонша мықты?", - дейді Захаби Tristar Gym арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport