"Морозовтың кім екенін алда көретін боламыз". Үздік ММА порталының редакторы қазақстандық спортшы жайлы пікір білдірді

22 сәуір 2021 18:14
Фото: UFC©

Қазақстандық файтер Сергей Морозовтың қандай спортшы екенін Халид Тахомен болатын кездесуден кейін анықтауға болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Allaccessmma.com порталының шолушысы Роб Бартл айтып берді. Сарапшы Морозовтың дебютін неліктен көрсеткішке жатқызуға болмайтынын түсіндірді. 

Морозов - Тахо жекпе-жегі шілденің 17 жұлдызына жоспарланған. 

"Қазақстандық спортшылар промоушнға енді қосылып жатыр. Олардан барлығын күтуге болады. Морозов бірінші кездесуінде ештеңе көрсете алмады, алайда ол қазір атын қайта қайтаруына мүмкіндік алып отыр. Оның қарсыласы да өзі шамалас деңгейде тұр. Демек бізді өте қызық жекпе-жек күтіп тұр. Қазақстандық әлі өзінің жарқын тұстарын көрсете алмады, мүмкін бірінші кездесудегі толқыныс пен қарсыластың қауіпті болуы әсер еткен шығар. Осы жолы файтердің қандай екенін көруге мүмкіндік бар" - дейді Бартл өз сөзінде. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы 20 қаңтар күні Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турнирінде промоушндағы дебютін жасаған еді. Ол жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтың туысы Умар Нұрмагомедовке қарсы шығып, екінші раундта қазақстандықтың жеңілісімен аяқталған болатын. 

Метки: