Морозов Хабибтің бауырына қарсы кездесудің алдында салмақ өлшеуден өтті

19 қаңтар 2021 20:30
Сергей Морозов. Сурет: Gabriel Gonzalez/Cageside Press
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC ұйымындағы бірінші кездесуі алдында салмақ өлшеуден өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Морозов жеңіл салмақтан сүрінбей өтті. Ал оның қарсыласы Умар Нурмагомедов 61,7 келіні көрсетті. Айта кетейік, жеңіл салмақтың лимиті 57-61 келінің арасында Енді салмағы ауыр болып кеткен Нурмагомедов бір ұпайынан айырылуы мүмкін. 



Еске салайық, бұл кездесу 20-қаңтар күні UFC on ESPN 20 турнирінде өтеді. Алдағы кездесу екі спортшы үшін де UFC ұйымындағы бірінші жекпе-жек болады. 








Метки: