Моргенштерн ММА промоушенімен келісімшартқа қол қойды

19 шілде 2021 11:48
Коллаж newsmma.net

Ресейлік танымал рэпер Алишер Моргенштерн Анатолий Сульянов және оның Хардкор MMA промоушенімен келісімшартқа қол қойды. 

"Келісімшартқа қол қойылды, Хардкор ММА-дің қатысы бар, мән-жайы кейінірек... Қарсыластар бойынша ұсыныстарды комментке жазыңыздар", - депті Сульянов Instagram желісінде. 

Ал Моргенштерн бұл туралы шағын ғана "Шомылдық та, қол қойдық" деп хабарлады. 

Мұның алдында ресейлік ММА шебері Александр Шлеменко Моргенштернмен жекпе-жек ноль секунд қана болатыны айтқан еді. 

Ал маусым айында Моргенштерн ММА-ге тыйым салу керегін айтқан. "Балалрға не үлгі? Жерде жатқандарды сабау туралы мүлде жақ ашпай-ақ қояйын. Осы ердің ісі ме? Түсінбеймін?" - деген болатын. 

Метки: