ММА федерациясы Нұр-Сұлтандағы турнирде болған жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Видеодан алынған кадр
Нұр-Сұлтандағы аралас жекпе-жек турнирінде жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы Желіде тараған еді. Осыған байланысты Vesti.kz тілшісі Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясынан пікір алды. 

"Роликті өз арнасында жариялаған адам оны сипаттай отырып, Қазақстан чемпионаты аясында болды дейді. Бірақ бұл кішкене басқаша. Турнир қалалық ашық жарыс еді. Автордың сөзінше, жанжал бір бапкер екіншісіне пышақ сілтегеннен шыққан-мыс. 

Иә, жарыста болғандар арасында жанжал шықты, бірақ, ешқандай пышақтау болған жоқ. Бұл жағдай ойдан шығарылған. Оның үстіне мұндай деректі осы шарада тәртіпті қамтамассыз еткен ішкі істер органдары бірден тіркейтін еді. Ал техникалық регламентте залға кірмес бұрын көрермендер мен барлық қатысушаларды тексеру қарастырылған. 

Жанжалды турнирде болған полицейлер тоқтатты және кейін жағдайды анықтады. Төбелеске не себеп болғаны бізге беймәлім. Айта кетейін, жұдырық ала жүгіргендер бапкер де, спортшы да және біздің федерация қызметкерлері емес. Турнирді Нұр-Сұлтанның жауынгерлік аралас жекпе-жектің біріккен федерациясы ұйымдастырды және өткізді, жарыс қалыпты тәртіпте аяқталды", - дейді Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко.

Метки: