ММА файтері көшеде ер адамды бір ұрып құлатты

9 маусым 2022 11:33
©mmalife.ru

"Шара Буллет" лақап атты ММА файтері Шарапутдин Магомедов көшеде төбелесіп, оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Оқиға Махачкаладағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде болған. Спортшы елдің көзінше сүйісіп, аймаласып тұрған ер адам мен қызға ескерту жасайды. Осыдан кейін ер адам Магомедовты бірінші болып ұрған екен, сол сәтте бірден төбелес басталып кетеді. Алайда оларды өзге адамдар ажыратып алады. 

Осыдан соң Шарапутдин ер адамды сауда үйінен шыға берісте күтіп алып, талдырып тастап, жерде жатқан жерінде басынан тепкен екен. Оқиға бір ай бұрын болыпты. Магомедовтың сөзінше, ол кейін ер адаммен жеке сөйлесіп, мәселені шешкен көрінеді. 

Магомедов ММА-де сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол AMC Fight Nights промоушенінде өнер көрсетеді. Сонымен қоса, ол жалаң жұдырықпен айқастарға да шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: