ММА файтері қарсыласының берілуі үшін ерекше әдіс қолданды
Жеңілмеген ұлыбританиялық ММА файтері Майкл Пэйдж октагонда өткен келесі бір жекпе-жегінде қарсыласын берілуге көндірді, - деп хабарлайды Metro.
Жеңілмеген ұлыбританиялық ММА файтері Майкл Пэйдж октагонда өткен келесі бір жекпе-жегінде қарсыласын берілуге көндірді, - деп хабарлайды Metro.
Лондонда өткен Bellator 200 турнирінде Пэйдж америкалық Дэвида Рикелске қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесу барысында ол америкалықты әбден мазақтап, намысына тиетін сөздер айтып, бейәдеп қылық көрсеткен. Бірінші раундта ұлыбританиялық спортшы қарсыласына айтарлықтай зақым келтірген, ал екінші раундтың басында ол америкалықтың көзінен ұрған.
Осыдан кейін Пэйдж қарсыласына көзінен жарақат алғанын айтқан. Аз ғана үзілістен соң Рикелс төрешіге жақындап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан. Осылайша ұлыбританиялық файтер техникалық нокаутпен жеңген болып тіркелді.
© Bellator
Жарнама