MMA чемпионы аяқ-асты қайтыс болды

13 шілде 2020 17:03
Сурет: UK Fight Site
Британиялық аралас жекпе-жек шебері Жаро Шеперд 30 жасында көз жұмды. Бұл туралы The Sun хабарлады. 

Мәлімет бойынша, спортшы жексенбі күні аяқ-асты қайтыс болған. Ал себебі әлі анықалған эоқ. 

Шеперд чемпиондары болған Conteders ұйымының промоутерлері файтердің жақындарына көңіл айтты. Олар спортшының үлкен талант иесі болғанын атап өтті.

Шеперд ММА-де сегіз жекпе-жек өткізген. Алтауында жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Ол Conteders ұйымында 2020 жылы чемпион болған, ал 2018 жылы Bellator промоушенінде жұдырықтасып көрген екен.