"Миым шайқалып кетті". UFC-де өнер көрсететін бірінші қазақстандық спортшы қыз жарақат алып қалғанын айтты

15 қыркүйек 2020 14:34
Мария Агапова. Сурет: Zuffa LLC
UFC ұйымында өнер көрсететін бірінші қазақстандық файтер қыз Мария Агапова жылды қорытындылап, алға қойған мақсаттары туралы айтты. 

"Бұл өте бір жемісті жаз болды. Күзде мен UFC ұйымымен келісімшарт жасадым. Жазда екі кездесу өткіздім. Бірінші кездесуді жеңіп, қосымша сыйақы алсам, екінші кездесуде миым шайқалып кетті. Бұл жеңілісімнен кейін мен өмірімді күрт өзгерттім. Өз-өзіме жақсы қарау және жұмысымды жақсы істеу үшін жеке пәтерге көштім. 

Қолдау көрсеткен достарыма алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңызсыз мен ештемеге жете алмас едім. Ендігі жоспарым - денсаулығымды түзеп, пәтерімді ретке келтіру. Содан соң анам мен сіңілімді Майамиге демалуға шақырамын. Денсаулығымды түзеп алған соң жаттығуға кірісіп, жекпе-жек өткіземін", - деп жазды Агапова Instagram парақшасында. 



Еске салайық, Агапова UFC ұйымындағы бірінші кездесуін маусым айында өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңді. Тамыз айында отандасымыз тағы бір америкалық Шона Добсонмен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. 




Метки: