Минутқа да жеткізбеді. UFC файтері қарсыласын сол қолымен есінен тандырды

29 маусым 2020 14:13
Сурет: UFC©
Лас-Вегаста өткен UFC on ESPN 12 турнирінде жапониялық Такаши Сато (16-3) америкалық Джейсон Уитты (17-6) нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақ лимитіндегі жекпе-жек 48 секундта аяқталды. Сато сол қолымен қарсыласының жағына дәл тиіп, ары қарай жекпе-жекті оңай аяқтады. 



ММА-де жалпы 16 рет жұдырықтасқан 30 жастағы Сато үшін бұл UFC-дегі үш жекпе-жектегі екінші жеңісі. Ал UFC-де алғаш жұдырықтасқан 33 жастағы Уитт карьерасында алтыншы рет жеңілді. 

Еске салайық, UFC on ESPN 12 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы америкалық файтер Дастин Порье (26-6) төрешілер шешімімен отандасы Дэн Хукерді (20-9) жеңді.
Метки: