auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы екінші кездесу өтуі мүмкін

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы екінші кездесу өтуі мүмкін
©:Reuters
Бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы екінші кездесу өтуі мүмкін. Бұл туралы HBO комментаторы Джим Лэмпли айтты. 

26 тамызда өткен өткен кездесуден кейін Мейвезер біржолата спорттан кеткенін хабарлаған болатын. Бірақ америкалық боксшы соңғы кездері әлеуметтік желілеріне жаттығу жасап жатқан видеоларын сала бастады. Осыған қарап шет елдік мамандар Флойдтың тағы бір кездесуге дайындалып жатқанын айтып жатыр. 

"Бірінші кездесуде Флойд бәрін әдемі жасады. Алғашқы үш раундта Конорға әдейі жеңілді. Себебі, ММА жанкүйерлері алдану үшін. Сол арқылы да ол 150 миллион доллар жасап алды. Енді оның тағы осынша ақша тапқысы келмейтініне кім кепіл? Қазір ол керемет бабында екенін көрсетті. Егер тағы бір кездесуге шықпайтын болса, неге видеоларын салып жатыр. Менің ойымша, ол Конормен тағы бір кездесу өткізіп, тағы да қыруар ақша жасап алуға ниетті", - дейді Лэмпли BoxingScene.com басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

BoxingScene.com басылымының мәліметі бойынша, бұл кездесудің ақылы транцляциясын - 4,4 миллион көрермен тамашалапты. Яғни, олар екі жыл бұрынғы Мэнни Пакьяомен өткен жекпе-жек рекордын жаңарта алмаған. Ол кездесуде ұйымдастырушылар 4,6 миллион PPV сатқан еді.

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне билет сатудан түскен қаражат мөлшері - 55,4 миллион доллар. Бокс тарихында билет ең көп сатылған Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жегі тіркелген еді. Ол кездесуден 72,2 миллион доллар кіріс кірген.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама