MMA
21 шілде 2017 12:18
 
Мейвезер МакГрегорды талдырып тастағанын қалаймын - Хабиб Нурмагомедов

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер МакГрегорды талдырып тастағанын қалаймын - Хабиб Нурмагомедов

Ережесіз жекпе-жектен Ресей намысын қорғайтын Хабиб Нурмагомедов 26 тамызда жеңіл салмақта UFC  чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекті міндетті түрде көретінін айтады. Сонымен қатар, ол Мейвезердің ирландық файтерді талдырып тастауын қалайтынын да жасырмады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Әрине, жекпе-жекті көремін. Менің ойымша, Мейвезер жеңетін сияқты. Негізі Конорды талдырып тастағанын қалаймын. Сосын Конор мен Фергюсонмен жұдырықтасқанша үзіліс ала тұрғаны жақсы болатын еді. Кездесудің екінші бөлігінде, алтыншы раундтан кейін Мейвезер МакГрегормен ойнайтын болады. Флойд мүлде басқа деңгейдегі боксшы.

ММА мен бокс екеуі екі бөлек дүние. Тіпті жақсы жұдырықтасатын спортшылар үшін күрес амалдарын қолданбай кәсіпқой боксшымен спарринг өткізу ауыр. Бірақ бір түйіткіл бар, Мейвезер екі жыл жұдырықтасқан жоқ және бұрынғыдай жаттыққан да жоқ. Оның физикалық дайындығы қандай деңгейде болатыны көпшілікті қызықтырып отыр. Осының бәрі алдағы жекпе-жекті қызықты етіп тұр", - деп келтіреді Нурмагамедовтың сөзін Sport-express.ru.

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!