Мейвезер келесі кездесуін ММА ережесі бойынша өткізетінін айтып қалды
Флойд Мейвезер. Сурет: BlackSportsOnline
Бокстан бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) Forbes басылымына берген сұқбатында карьерасын қайта жалғастыруға дайын екенін айтып берді.
Өткен жылдың тамыз айында Лас-Вегаста Мейвезер бокс ережесі бойынша жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегормен кездесіп, оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Жуырда Флойд сол кездеуде алған 100 миллион долларлық чегін көрсетті.
Ал қазіргі уақытта америкалық БАҚ бетінде Мейвезердің карьерасын жалғастырады деген әңгімелер жиілеп кетті. Оған боксшының өзі де себеп беріп отыр. Мысалы, жуырда боксшы МакГрегормен қайта кездесуде дайын екенін айтты. Бірақ бұл жолы жекпе-жек ММА ережесі бойынша өтеді-мыс.
"Мені шаршы алаңда қайта көру мүмкіндігі дейсіз бе? Нақты білмеймін. Мүмкін мен алдағы уақытта шаршы алаңға шығатын шығармын, мүмкін жекпе-жекті октоганда өткізетін шығармын. Бірнеше миллиардтық әңгіме болған еді. Қазірше күте тұрайық. Сосын барлығы белгілі болады", - деді Мейвезер.
Бған дейін talkSPORT порталының дереккөзі Джим Уайт Мейвезер мен МакГрегордың командалары екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жолы жекпе-жек ММА ережесі бойынша өтеді екен. Оның ақпараты бойынша, алдағы кездесудің табысы 300 немесе 500 миллион доллар болуы мүмкін.

Жарнама