Мейрамхана қонағын. UFC файтері егде адамды ұрып есінен тандырды

Сурет: UFC
Жартылай орта салмақта UFC промоушенінде жұдырықтасатын америкалық файтер Майк Перридің басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы MMA Fighting басылымына сілтеме жасап.

Техастағы мейрамханалардың бірінде спортшы егде тартқан ер адамның бірімен сөзге келіп қалған, осы уақытта оны белгісіз әйел мейрамханадан алып кетуге тырысады. Алайда қызбалығы ұстаған Перри ер адамға: "Кәрі к...ді теуіп ұшырамын" деп айқайлап, жерге құлатады да, одан кейін егде адамды ұрып, есінен тандырады. 



Файтердің өзі бұл жағдайға байланысты әлеуметік желіде "Ештеңе айта алмаймын" деп жазыпты.

Полиция мәліметінше, Перридің әрекеті А санатына жатқызылады, демек, ағаттық саналады. Енді ол үшін файтер 500 доллар айыппұл төлейді. Алайда спортшы көпшілік орында бірінші рет шу шығарып отырған жоқ, мұның алдында ол өзге барда тағы бір адамды талдырып қойған екен. 

Перри кейінгі рет UFC on ESPN 12 турнирінде Микки Галлмен жекпе-жекке шыққан. Жалпы MMA-де 14 рет жеңіп, алты кездесуінде жеңілген.

Метки: