"Менің қандай қиындықтан өткенімді білмейсіздер". Қайрат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді

26 желтоқсан 2021 13:12
©instagram.com/kairat__akhmetov

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық файтер Қайрат Ахметов спортшының қиын өмірі туралы айтты. Мұндай жазбаны ол Instagram жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Соңғы мәрте Қайрат Ахметов 17 желтоқсан күні жекпе-жек өткізді. Сингапур қаласындағы ONE Championship турнирінің басты айқасында ол Дэнни Кингандамен кездесіп, жеңіске жетті. 

"Спортшының өмірі қалай өтеді деп ойлайсыздар? Үнемі жаттығу, оқу-жаттығу жиындары, жарақат, шаршау. Ал сіздер тек спортшының сыртқы өмірін көресіздер. Біз ішкі өмірімізді жасырып, бәрі жақсы сияқты кейіп танытамыз. Бұл менің соңғы үш кездесуімнің үзіндісі. Ал мен 30 шақты жекпе-жек өткізгенмін. Осы уақыттың ішінде менің басымнан қандай қиындық өткенін білмейсіздер. Мұны медальдің кері жағы дейді. 

Сондықтан да бізді  сынға алар бұрын, "Отанымыз үшін мен неге дайынмын", - деген сауалды өздеріңізге қойып көріңіздер", - деп жазды Ахметов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: