MMA
13 шілде 2020 14:50
 
Менеджер UFC өкілдері Жаконың жеңісін мойындағанын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Менеджер UFC өкілдері Жаконың жеңісін мойындағанын мәлімдеді Сурет: mmajunkie.usatoday.com

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың ісін жүргізетін қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов файтердің UFC-дегі дебюті туралы пікірін айтты.

Жұмағұлов UFC 251 турнирінде бразилиялық Раулиан Пайвадан төрешілер шешімімен жеңілді.

Ал Әбдірахмановтың айтуынша, төрешілердің жеңісті Пайваға бергеніне UFC өкілдері де келіспеген. Менеджер бұл жеңіліс Жұмағұловтың ұйымдағы жағдайына еш әсер етпейтінін айтты. 

"Төрешілер шешімімен келіспейміз. Жалғас екінші және үшінші раундта жеңді деп санаймыз. Қарсыластың салмақ түсірмегенін және ереже бұзғанын ескерсек, төрешілер жеңісті Жалғасқа беру керек еді, бірақ, олар жекпе-жекті басқаша көрген екен.

Өкінішке қарай, төрешілердің кері шешімдері - ММА-дің бір бөлігі, одан ешқайда қаша алмайсың. Бастысы UFC командасы мен матчмейкер де Жалғас жеңді деп санайды, сондықтан бұл нәтиже оның ұйымдағы жағдайына әсер етпейді", - деді Әбдірахманов.

Жарнама

Живи спортом!