Менеджер Шавкаттың чемпионмен айқастан бас тартты дегенге қатысты мәлімдеме жасады

©Тұрар Қазанғапов

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың (18-0) менеджері Саят Әбдірахманов қазақстандық спортшы жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардспен (22-3-0-1) UFC 300 турнирінде жұдырықтасудан бас тартты деген қауесетті жоққа шығарды. 

"Леон Эдвардсқа қарсылас ретінде кімді ұсынғанын білмейміз. Нақты бізге ондай ұсыныс айтылған жоқ, сондықтан бас тартуымыз да мүмкін емес. Ешқандай ресми ұсыныс болған жоқ, сол себепті Шавкат бас тартыпты деуге болмайды. Қазіргі таңда Шавкат жарақатын емдеп жатыр. Ал октагонға қашан оралатынын нақты айта алмаймыз", - дейді Саят Vesti.kz сұрағына. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport