Менеджер Нурмагомедовтің карьерасын қайта бастайтынын айтты

2 қаңтар 2021 15:25
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: mmafighting.com©

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз ресейлік спортшының карьерасын қайта бастауы мүмкін екенін айтты. Менеджердің мәлімдеуінше, ол канадалық Жорж Сен-Пьермен кездесу үшін карьерасын қайта жалғастырады екен. 

"Егер Жорж Сен-Пьер карьерасын қайта бастайтын болса, Хабибте онымен кездесу үшін октогонға қайта оралады", - деді Абдель-Азиз. 

Еске салайық, 39 жастағы Сен-Пьер 2017 жылы карьерасын аяқтады. Ол соңғы кездесуін Майкл Биспингке қарсы өткізіп, орта салмақтағы оның чемпиондық белбеуін тартып алды. 

Ал 32 жастағы Нурмагомедов болса қазан айында UFC 254 турнирінде Джастин Порьені жеңіп, карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. 

 

 

 

 

Метки: