Менеджер Жұмағұловтың күмәнді жеңілісіне байланысты мәлімдеме жасады

20 қараша 2022 12:25
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-8) менеджері Саят Әбдірахманов қазақстандықтың жеңлісіне байланысты пікір білдірді. Әбірахмановтың айтуынша, Жұмағұловтан төрешілер жеңісті тартып алған, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Төрешілер тағы да басты назарда. Шынымен сене алар емеспін, Жалғас", - деп жазды менеджер Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде Жұмағұлов төрешілер шешімі бойынша америкалық Чарльз Джонсоннан (12-3) жеңілді. Бұл отандасымыздың UFC ұйымындағы бесінші жеңілісі болды. Осы айқастан кейін Жалғас карьерасын аяқтайтынын хабарлады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport