Менеджер Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің уақытын айтты

26 маусым 2020 10:44
Сурет: UFC
Жеңіл салмақтағы UFC ұйымының чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін UFC 253 турнирінде өткізеді. Бұл туралы спортшының менеджері Али Абдель-Азиз айтты, деп хабарлайды "Чемпионат". 

UFC 253 турнирі 2020 жылдың 19 қыркүйегінде Абу-Даби қаласында өту керек. Нурмаговмедтің қарсыласы Джастин Гэтжи болуы мүмкін. Бір қызығы америкалық спортшы да Абдель-Азизбен бірге жұмыс істейді. 

Еске салайық, Хабибтің соңғы қарсыласы Дастин Порье болған еді. Бұл кездесу 2019 жылдың қыркүйек айында өтіп, дағыстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Ал жалпы аралас жекпе-жекте Нурмагомедов 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.