UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмаұлов (14-7) өзінің келесі қарсыласы америкалық Чарльз Джонсон (11-3) туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Sports.ru порталы.
Бұл кездесу 20 қараша күні өтеді.
"Біз бұрыннан таныспыз. Тіпті UFC-ге келерге дейін араласамыз. Енді жекпе-жек өткізу керекпіз. Ол мен үшін ыңғайлы қарсылас. Жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын. Соққылары мықты. Күресі де жаман емес. Бірақ мен жеңіске жету үшін бар күшімді саламын", - деді Жұмағұлов.
Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуін 2020 жылдың шілдесінде өткізді. Содан бері ол бір кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет жеңілді.