"Мені тонадыңдар!". Ян Стерлингтен жеңілгеніне байланысты мәлімдеме жасады

10 сәуір 2022 12:04
©instagram.com/petr_yan/

Ресейлік файтер Петр Ян (16-3) UFC 273 турнирінде америкалық Алджамейн Стерлингтен (21-3) жеңіліп қалған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Джексонвилл (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Стерлинг жеңіске жетті

"Бұл кездесуде жеңіске жеттім деп ойлаймын. Сіздер мені тонадыңыздар. Мен бес раундтың үшеуінде жеңдім. Реванш керек", - деді ресейлік. 

Еске салайық, бұл файтерлер бірінші рет 2021 жылдың наурыз айында кездесті. Ол кезде Ян бірінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғаған еді. Бірақ кездесудің төртінші раундында Петр рұқсат етілмеген соққы жасап, жекпе-жектен шеттетілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport