"Мені тоқтататын адам жоқ". Жұмағұловтың қарсыласы UFC-дегі шешуші айқас алдында мәлімдеме жасады

13 сәуір 2021 10:23
Сурет: MMA Junkie

Америкалық файтер Джером Ривера (10-5) қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (13-5) жекпе-жекте UFC промоушеніндегі бірінші жеңісіне жетпек. Дайындығы туралы сөз етіп, ол қателіктеріне баса назар аударғанын айтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бұл айқас 10 шілде Лас-Вегаста өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье қарымтаға шығады. 

Айта кетейік, Жұмағұлов та, Ривера да UFC-де жеңіп көрмеді, сондықтан алдағы кездесу екеуі үшін де маңызды. Промоушенде қазақстандық спортшы екі рет, ал америкалық үш рет жеңілген.

"10 шілде - кезекті жекпе-жек уақыты. Қазір әлемдегі ең мықты қолдауым бар. Айналам кез келген командадан мықты. UFC-дегі бірнеше жекпе-жекте қателік жібердік, алайда, оны түзеу үшін бәріміз жұмыла жұмыс істедік. Біз іске өзгеше кірістік және соны көрсетпекпіз. Менің менталитетім сондай, бұл әлемде мені тоқтата алатын адам жоқ. Менің қолымнан не келетінін әлемге паш ететін кез келді", - деп жазыпты Ривера Instagram желісінде.