"Мен Хамзат емеспін!" Рахмонов өзін Чимаевпен салыстарғандарға ашумен жауап берді

21 ақпан 2022 16:59
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов өзін Шешенстаннан шыққан, бірақ Швецияның намысын қорғайтын Хамзат Чимаевпен салыстырған ұнамайтынын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Бұл салыстырулар менің ашуыма тиеді. Мен Хамзат емеспін, мен Шавкатпын. Біз қашан кездесеміз? Бұл маған ең жиі қойылатын сұрақ. Уақыт көрсетеді. Бірақ қазір бұл сұрақ менің ашуымды келтіреді", - деп жазады Рахмоновтың пікірін MMA Fighting. 

Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

Еске салайық, Рахмонов соңғы кездесуін UFC Vegas 47 турнирінде гайаналық Карлстон Харриске қарсы өткізді. Шавкат кездесудің үшінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың UFC ұйымындағы басты кардтағы бірінші айқасы болды. Осы жеңістен кейін ол жартылай орта салмақтағы үздік 15 файтердің қатарына қосылды. Ал жалпы қазақстандықтың еншісінде 15 жекпе-жек бар. Рахмонов барлығында жеңіске жеткен. 

Чимаев болса соңғы мәрте UFC 267 турнирінде өнер көрсетіп, Қытай елінің өкілі Ли Джинлиангтан айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар