Канада атынан жұдырықтасатын мексикалық файтер Лупита Годинез UFC Fight Night 195 турнирінде төрешілер шешімімен Луана Каролинаға есе жіберді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Годинез бір аптада екінші рет жекпе-жекке шығып тұр - UFC Fight Night 194 турнирінде ол Сильвана Гомес Хуаресті сабмишенмен жеңген.
28 жастағы спортшы Ultimate Fighting Championship промоушенінің рекордын орнатты - екі айқасының арасы сегіз күн ғана болды. Осылайша, Годинез 10 күнде екі рет жұдырықтасқан, белгілі Хамзат Чимаевтің рекордынан асып түсті.
Дана Уайттың ұйымында Лупита жалпы үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңілді. Мұның алдында ол деңгейі бір саты төмен промоушенде өнер көрсетіп, мүлде жеңілмеген еді.