1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
25 тамыз 08:42
 

"Майды пышақпен тілгендей". UFC аңызы Рахмонов пен Чимаев айқасы туралы

  Пікірлер

blog.share

"Майды пышақпен тілгендей". UFC аңызы Рахмонов пен Чимаев айқасы туралы ©UFC Eurasia/Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz

UFC ұйымында чемпион болған алғашқы ресейлік Олег Тактаров орта салмақта титул жеңіп алған Хамзат Чимаев пен жартылай орта дивизиондағы қазақстандық  файтер Шавкат Рахмонов арасында жекпе-жек өтсе не болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC ұйымында чемпион болған алғашқы ресейлік Олег Тактаров орта салмақта титул жеңіп алған Хамзат Чимаев пен жартылай орта дивизиондағы қазақстандық  файтер Шавкат Рахмонов арасында жекпе-жек өтсе не болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Betonmobile порталының авторы Александр Гордополов Чимаевтың бұған дейін жартылай орта салмаққа қайта оралуға дайын екенін айтып, Шавкатпен әлеуметтік желіде келіспеушілік болғанын атап өтті.

"Рахмоновтың қолынан бәрі келеді. Шавкат жартылай орта салмақта да Хамзат Чимаевты оңай жеңе алады. Ал егер Шавкат орта салмаққа көтерілсе, онда жеңіске жетуі тіпті ықтимал. Шавкат орта дивизионда пышақты майға салғандай тіліп өтеді", – деді Тактаров Гордополовпен сұхбат барысында.

Айта кетейік, жуырда Чимаев Дрикус Дю Плессиді жеңіп, орта салмақта UFC титулын иеленді.

Ал Шавкат Рахмонов көктемде жасалған операциядан кейін қалпына келу кезеңінде. Қазақстандық файтер соңғы айқасын былтыр желтоқсанда өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!