Мәскеудегі турнирде жаппай төбелес. Жанжалға себепкерлер сол жерде жекпе-жек өткізді

29 маусым 2021 11:30
Видеодан алынған кадр

R3 Fighting Championship промоушені Мәскеуде ұйымдастырған аралас жекпе-жектен турнирде жаппай төбелес болды. 

Оқиға екі спортшы мен команда өкілдерінің сөзге келіп қалуынан басталды. Октагон ортасында басталған төбелеске қоршаудан секіріп өтіп, көрермендер де араласып кетті. 

Ұйымдастырушылар бұл төбелесті күшпен әзер тоқтатты, мәселені шешуге күзетшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне араласуға тура келді. 

Ал октагоннан бәрін шығарып тастағаннан кейін, екі спортшы шаршы алаңға оралып, жұдырықтасты. Алайда жоспарланбаған жекпе-жек бір минуттан кейін аяқталды. 

Метки: