Мәскеуде қазақстандық ММА спортшысын атып кеткен күзетші ұсталды
Ресей астанасында қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты атып кеткен фитнес-клуб күзетшісі ұсталды. Бұл туралы ресейлік журналист әрі инсайдер Игорь Зазорин хабарлады.
Ресей астанасында қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты атып кеткен фитнес-клуб күзетшісі ұсталды. Бұл туралы ресейлік журналист әрі инсайдер Игорь Зазорин хабарлады.
16 ақпан күні Дүйсембаев қаладағы фитнес залдарының біріне абонемент сатып алу үшін барған. Спорт зал қызметкеріне жерлесіміздің көлікті дұрыс қоймағаны көңілінен шықпай, сол жердің күзетшісі Бағдат Дүйсембаевтың бірнеше жерінен атқан.
Қазіргі таңда күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа ұсталды. Жуырда сот оның қандай жаза алатынын жариялайды.
Еске салайық, Дүйсембаев аралас жекпе-жектен әуесқойлар арасындағы жарыстарға қатысады. Осыған дейін жеті рет октагонға шығып, оның екеуінде жеңіске жеткен. Сонымен қатар, төрт жеңіліс тауып, бір рет тең түскен.
Жарнама