MMA
16 қазан 2021 16:00

"Масқара, жыл сорақылығы". Ресейдің ең мықты спортшыларының жекпе-жегін ұйымдастыруда ұятты жағдай болды

©FightTime

Сочиде AMC Fight Nights 105 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл шоудың басты айқасында промоушеннің орта салмақтағы чемпионы Владимир Минеев дағыстандық Магомед Исмаиловпен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Исмаилов таразыда 84 келі тартты, ал Минеевтің салмағы 84,4 келі болды. Бір қызығы чемпионға салмақ лимитінен асып кетпес үшін таразыға тыр-жалаңаш шығу керек болды. 

Бұл жағдайға байланысты ВК желісіндегі "Ночь в клетке" тобы былай пікір білдіріпті: "AMC Fight Nights 104 турнирінде салмақ өлшеу рәсімін ұйымдастыру деңгейі: Минеев vs Исмаилов 2". 

Ал мұның астына жазылған пікірлерде тақырыпты ары қарай өрбітті: "Орамалды 1900 жылы ойлап тапқан. Бұл адамдар әлі 1899-да қалған", "Масқара, жылдың басты сорақылығы, сыртынан жауып тұрса да болар еді".

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport