MMA
30 сәуір 2017 23:15
 
Мас-рестлингтен Алматыдағы Әлем кубогы аяқталды

  Пікірлер

blog.share

Мас-рестлингтен Алматыдағы Әлем кубогы аяқталды Massaget.kz

Мас-рестлингтен Алматыдағы Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бесінші орыннан көрінді.

Әлем кубогы жастар мен жасөспірімдер арасындағы бәсекемен де қызықты болды. Ал ересектер сыны жарыс көрігін қыздырды.

Жарыстың бірінші күні жеңіл салмақтағы спортшылар жүлделерге таласты. Ал екінші күні ауыр салмақтағы спортшылар бақ сынады. Екі күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте Ресей құрамасы бірінші орын алды. Олар 11 алтын 10 күміс 7 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға бір ғана алтын медаль жеңіп алған Германия құрамасы орналасса, Қырғызстаннан келген спортшылар 1 күміс 11 қола медальмен алғашқы үштікті қорытындылады.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысқан және ұйымдастырған барша жандарға алғысымды білдіремін. Барлығына ұнады деп ойлаймын. Алда Прагада өтетін екінші кезең бар. Қыркүйек айындағы жарыстың нақты уақыты алдағы күндері белгілі болады. Қазақстан мас-рестлинг қауымдастығын осындай ірі жарыс өткізуімен құттықтаймын, - деді Халықаралық масс-рестлинг қауымдастығының бас хатшысы Иннокентий Григорьев.

Айта кетейік, Алматыдағы жарысқа 13 елден 120 жуық спортшы қатысты. Жарыстың екінші кезеңі Прагада (Чехия), үшінші кезеңі Мәскеуде өтеді. Үшінші кезеңге алғашқы екі кезеңде ең көп жинаған спортшылар қатысады.

Жарнама

Живи спортом!