Мас-рестлинг – мәлім де беймәлім спорт түрі
Өмірбек Сансызбай
Спорттың түрі көп. Ертеден келіп, енді ғана танылып жатқан спорт түрлері де бар. Бірін білсек, бірін біле бермейміз. Сондай спорт түрлерінің бірі – мас-рестлинг.
Бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқан мас-рестлинг – Саха елінің ұлттық спорт ойыны. Бай мәдениетінің ажырамас бөлігі. Мас-рестлингтің шығу тарихының өзі көне дәуірден бастау алады. Бұл спорт түрінің даму себебі де географиялық және климаттық жағдайға байланысты болса керек. Қиыр Солтүстіктің қысы ұзақ және температурасы 60 градус аязға дейін түссе, жазда 40 градус ыстыққа дейін көтерілгенде – адамды шыныққан дене мен зор денсаулығы ғана құтқара алады. Яғни саха халқы осындай климатқа бейімделу үшін түрлі спорт түрлерімен ертеден шұғылданған. Мас-рестлинг спортын да осындай дене шынықтыру мақсатында ойлап тапқан.
Мас-рестлинг – дене, қол мен аяқ бұлшықеттері үшін аса пайдалы. Білек күшін арттырады. Адамды тез шешім қабылдау мен жылдам ойлауға машықтандырады. Дененің шымыр болып қалыптасуына көмегін тигізеді.
Бұл спорт түріне «мас рестлинг» деп атауды алғаш болып ұсынған саха халқының еркін күрестен тұңғыш Олимпиада чемпионы – Роман Михайлович Дмитриев. «Мас» сөзін якут тілінен аударғанда «ағаш, таяқ» дегенді білдірсе, «реслинг» деген ағылшын тілінен алғанда «күрес» дегенді білдіреді. Қазақ тіліне «Таяқ тартыс» деп аударуға да болады.
Мас-рестлинг спортының ережесі
Бұл спорт түрінің ережесі қарапайым ғана. Сайысқа шыққан екі спортшы арнайы тақта алаңында ағаштан жасалған таяқты тартысады. Бірі – көк, екіншісі қызыл тақта алаңында болады. Аяқтарын арнайы тақтайға тіреп тұрады. Ағашты қарсыласының қолынан жұлып алған, не қарсыласын таяқпен қоса өз жолағына өткізген спортшы жеңіске жетеді. Тартыс бір спортшы екі рет жеңіске жеткенше жалғасады. Яғни, бір спортшы қарсыласын 2:0 немесе 2:1 есебімен жеңеді. Екі рет ереже бұзған (уақытынан бұрын бастау, т.б) спортшы жеңіліс табады.
Таяқты бір қолыңмен жоғарыдан - төмен, екіншісін керісінше ұстайсың. Кезегіңе қарай таяқтың ішкі және сыртқы бөлігінен ұстап сынға түсесің. Сынға түсер алдында дене қыздырып, жаттығу жасап алуың маңызды. Бірден күшке салып, қарсыласпен текетіресу жарақат алуыңа себеп болуы мүмкін.
Мас-реслинг те салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Ерлер мен қыздар арасындағы және жұптық сындары бар.
Мас-рестлинг спортының Қазақстанда дамуы
Бұл спорт түрі елімізде соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Нақтырақ айтсақ, мас-реслингтен алғашқы үйірмелер 5 жыл бұрын ашылған. Одан бергі аралықта үш рет ел чемпионаты ұйымдастырылған. Үздік қазақ спортшылары Азия, әлем чемпионаты мен түрлі халықаралық турнирлерде бақ сынап келеді. Соңғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 күміс 1 қола медаль жеңіп алған. Осы орайда Қазақстан мас-рестлинг қауымдастығының президенті, белгілі жаттықтырушы Талап Иматалиев мырзамен тілдескен едік.
- Мас-рестлинг елімізде жақсы дамып келеді. Қазіргі таңда Ақтау, Ақтөбе, Астана, Тараз және Алматы қалаларында қарқынды даму үстінде. Халықаралық жарыстардан да жетістіктеріміз баршылық. Өте қызықты жекпе-жек түрі. Көкпар тартып өскен ұлт үшін бұл спорт түрі жат емес деп білемін. Онда атпен тартысса, мұнда қолмен таяққа тартысады.
Көп спорт түрлерінде төрешілер шешімі, болмаса ұпай берілетін болса, мұнда нағыз жеңімпаз оңай, әрі айқын анықталады, - деді.
Мас-рестлингтен қай елдер алдыңғы қатарда?
Мас-рестлинг спорты әлемде кең қарқынмен дамуда. Ал алдыңғы қатарларда қай елдер тұрғанын Талап Сайпуллаұлынан сұрап көрген едік.
- Әрине, бұл спорт түрінің иесі ретінде Ресей құрамасы. Дәлірек айтсақ, якуттар мықты. Америкалықтар мен бразилиялықтар, грузиндер мықты. Ал Азияда біз бен қырғыздардың қарқыны жоғары. Өзбек қыздары да жақсы жетістіктерге жетіп жүр.
Жаттықтырушылар саны артып келеді
Жаңа спорт түрі болғандықтан, жаттықтырушылардың да жетіспеушілігі байқалатыны рас. Бүгінде елімізде мас-рестлингтен дәріс беретін мамандар саны да артып келеді екен. Ұлттық құрама жаттықтырушысы Павел Фитисов команда спортшыларынын бөлек арнайы семинарлар өткізіп, жаттықтырушылар да дайындауда екен. Сондай-ақ бірнеше жыл бұрын осы спорт түрін қолға алғандардың алғашқы легі де жаттықтырушылық қызметке жарап қалған. Еліміздегі негізгі жаттығу орындарының бірі Алматы қаласындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орналасқан.
Мас-рестлинг 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енуі мүмкін
Бүгінде бұл спорт түрі әлемнің 50-ден астам елдерінде кәсіби түрде дамыған. Жыл сайын әлем чемпионаты мен әлем кубогы ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ бұл спорт түрі «Көшпенділер ойынына» да кірген. Тіпті, Талап Иматалиевтің айтуынша, мас-реслинг 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына да енуі мүмкін екен.
- 2020 жылы Жапонияда өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде бұл спорт түрі таныстырылатын болады. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен әлем елдері көңілінен шықса, бұл спорт түрі 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қатарына қосылуы әбден мүмкін.
Биылғы Әлем кубогының бірінші кезеңі Алматыда өтеді
Мас-рестлингтен Әлем кубогы жылына үш рет ұйымдастырылады. Биылғы доданың бірінші кезеңі Алматы қаласында өтеді. Халықаралық мас-рестлинг қауымдастығы биыл елімізге сенім артқан. Жарыс сәуір айының соңында өтеді. Оған әлемнің 30-ға жуық елінен спортшылар қатысады деп күтілуде. Екінші кезең Прагада, ал кіл мықты спортшылар бақ сынайтын үшінші кезең Мәскеу қаласында болады. Әлем кубогының соңғы кезеңіне алғашқы екі кезеңде ең көп ұпай жинаған спортшылар қатысады.
P.S. Бүгін мас-рестлингтен ел чемпионаты өтеді. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтетін шараға еліміздің бірнеше қалаларынан кіл мықты спортшылар қатысатын болады. Осы жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құраманың сапы түзіліп, Әлем кубогына дайындалады.
Иә, мас-рестлинг – болашағы зор, әрі қызықты спорт түрі. Денсаулыққа да пайдасы зор. Осы мақала арқылы бұл спорт түрінің мәлім де беймәлім тұстарын оқырман қауымға жеткізе алдық деген ойдамыз.

Жарнама