Мас жігіт UFC-дің бұрынғы чемпионын көше төбелесінде сұлатып түсірді

29 тамыз 2019 09:55
 © bjjee.com
UFC экс-чемпионы Би-Джей Пенн тағы да басы бәлеге қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

TMZ басылымы 27 тамызда Пенн Гавай аралдарында түнгі клубтарының біріне достарымен демалып отырған. Кеш барысында Пенн келушілердің бірімен жанжалдасып, артынша төбелеске айналқан.

Оқиға т.нгі клуб ғимаратының артында болған, Пенн белгісіз ер адамды құлатып, шынтағымен бірнеше соққы жұмсаған. Алайда төбелес көшеде жалғасты, Пеннің қарсыласы оны бетінен екі рет ұрып, нокаутқа түсірген.



Көп ұзамай оқиға орнына полиция келді, тәртіп сақшылары Пеннге қатысты ешқандай әрекет жасамаған. Айта кетейік, екі ай бұрын Пенн стриптиз-клубта күзетшілермен төбелескен.

40 жастағы спортшы ММА-да 40 жекпе-жек өткізіп, 16-ы жеңіске жетіп, 14 рет жеңілген. Жеңіл және жартылай орта салмақта UFC чемпионы болған. Оның соққысы ММА-да ауыр саналған. Файтердің соңғы жекпе-жегі 2019 жылы мамыр айында өтті.
Метки: