Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

30 сәуір 2022 18:23
©UFC

Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-3) UFC ұйымындағы келесі кездесуіне дайындықты бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Агапованың өзі Instagram парақшасында келесі қарсылас та анықталғанын айтты.  

Еске салайық, Мария Агапова UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, екеуінде жеңілді. Соңғы айқасында ол жарақат алып, ота жасатты. Содан соң спортшының өзі жарақаты жазылғанын және жаңа келісімшарт жасағанын мәлімдеді. 

"Операциядан кейін бірінші жаттығуды өткіздім. Кеше менің келесі жекпе-жегімнің күні мен қарсыласымды айтты. Енді сол кездесудің келісімшарты жасалған уақытты күтейік", - деді спортшы.           

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport