Мария Агапова UFC ұйымындағы келесі кездесуінің алдында мәлімдеме жасады
Қазақстандық Мария Агапова (10-2) The Allstar Youtube арнасына берген сұқбатында украиналық Марина Морозбен (10-3) өтетін кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады.
Қазақстандық Мария Агапова (10-2) The Allstar Youtube арнасына берген сұқбатында украиналық Марина Морозбен (10-3) өтетін кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады.
Бұл кездесу 6 наурыз күні Лас-Вегас қаласында UFC 272 турнирінде өтеді.
"Мен өткен айқасымдағыдай жұмыс істеймін. Айқасты асықпай бастап, қарсыласымды ашып алу керекпін. Ал біз ашық айқасқа көшкенде ол 100 пайыз болады. Бірақ ақырындап мен оны шаршатып, берілуге мәжбүрлмеймін".
"Әдетте көп жекпе-жек осылай өтеді. Сен қарсыласыңды шаршаған және күтпеген кезде нокатуқа түсіресің. Асығудың керегі жоқ. Тек жоспардан таймай, үш раундақа дайын болсаң, нокаут өзі келеді", - деді Агапова.
Еске салайық, Агапова UFC ұйымында екі рет жеңіске жетсе, бір рет жеңілген. Ал жалпы ол аралас жекпе-жекте он айқаста мерейі үстем болса, екі рет ұтылған.
Жарнама