Мария Агапова UFC ұйымындағы екінші жеңісінің сыры неде екенін айтты

10 қазан 2021 10:35
©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) колумбиялық Сабина Мазоны (9-3) қалай жеңгені туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC Vegas 39 турнирінде Павлодар қаласының тумасы колумбиялық Сабина Мазодан (9-3) үстем түсті. 24 жастағы отандасымыз бұл кездесудің үшінші раундында қарсыласын қылқындырып, жеңді. 

"Бұл менің бапкерімнің жоспары еді. Оған көп рақмет айтамын. Кездесудің алдында қаржылық қиындыққа тап болдым. Осы кезде менің барлық достарым көмекке келді. Сабина - қиын қарсылас. Ол жақсы жекпе-жек өткізді", - деді айқастан кейін Агапова. 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: