Пайва салмақ өлшеу рәсімінде де артық салмақ көрсетіп, жекпе-жек кезінде екі рет ереже бұзғаны... Бұл ұпай санына тікелей әсер етеді. Ал бұттан тебуге тыйым салынғаны бәріне белгілі, сондықтан, тең түссе де жеңісті Жалғасқа беру керек болған. Бұл менің пікірім, ММА бойынша халықаралық дәрежедегі төрешімін, сондықтан жекпе-жек статистикасы мен ұпай есептеу жағын жақсы білемін.
Өте өкінішті. Бұл UFC, гонорары жоғары, бірақ, келісімшарт бірнеше жекпе-жекке жасалды. Келесі жекпе-жектерін анық басымдықпен жеңуі керек. Егер бразилиялық лас әрекеттер жасамағанда, басқаша болатын еді. Оның үстіне антропометриясына қарай Пайва UFC үшін жақсырақ проспект болып отыр. Міне төрешілердің әділсіз шешімінің себебі осы.
Қалай дегенмен Жако - біздің чемпион. Батыр! Оларды енді аямай сабау керек", - деп жазыпты Пашикя Instagram желісінде.