Маман Жұмағұловтың UFC ұйымындағы келесі кездесуі неге ерекше болатынын айтты

30 қараша 2021 20:24
©UFC

Мmadna.nl порталының тілшісі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында 5 желтоқсан күні өтетін Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манела Капе (16-6) арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол алдағы айқастың басты ерекшелігі мен фоварит кім екенін айтты. 

"Капе мықты жауынгер. Тәжірибесі де бар. Алдағы кездесуде психология басты рөлге шығады. Жұмағұлов пен Капе алғашқы жекпе-жектерінде жеңіліп қалды. Бірақ кейін жеңіске жетті. Соңғы кездесудегі жеңістер екі спортшыны да жігерлендірді. Менің ойымша, бұл жекпе-жекте анық фоварит жоқ. Екі файтердің деңгейі бірдей. Дегенмен де мен аз ғана басымдықты Жұмағұловқа беремін", - деді Дорф. 

Бұл қазақстандық спортшының UFC ұйымымен жасаған жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі болады. Ал Капе болса жапониялық Rizin fighting federation ұйымының чемпионы. 

Соңғы кездесуін Жұмағұлов шілде айында Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны қылқындыру әдісімен жеңді. Ал Капе болса тамыз айында Од Осборннен айласын асырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: