Единоборства
17 тамыз 2022 17:45
 
Маман Агапова мен Робертсон кездесуінде кімнің фоварит екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Маман Агапова мен Робертсон кездесуінде кімнің фоварит екенін айтты ©UFC

Mma.uno сайтының редакторы Стив Дункан Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-3) мен канадалық Джиллиан Робертсон (10-7) арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді. Әңгіме барысында ол алдағы кездесуде кім фоварит болатынын айтып, өз болжамын жасады. 

Бұл кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында болады. 

"Деңгейі бірдей қарсыластардың. Екеуі де промоушеннің орта деңгейлі файтерлері. Агапованың соққысы жақсы. Бірақ физикалық дайындығы күмән келтіреді. Шыдамдық жағын да шыңдау керек. Ал Робертсон болса өте төзімді спортшы. Партерде мықты. Екі түрлі стильде төбелесетін қарсыластардың айқасы болады. Бұл кездесу осынысымен де қызық болып тұр. Менің ойымша, қарсыластардың мүмкіндігі бірдей. Дегенмен де мен аз да болса басымдықты Джиллианға беремін. Себебі оның тәжірибесі көп", - деді Дункан. 

Еске салайық, 25 жастағы Агапова UFC ұйымында екі кездесуде жеңіске жетсе, екеуінде жеңілген. 27 жастағы Робертсон алты мәрте жеңіс тойын тойлап, бес рет ұтылып қалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!