MMA
15 мамыр 2018 17:55
 
МакГрегордың бапкері Мейвезерге MMA-ға жоламауға кеңес берді

  Пікірлер

blog.share

МакГрегордың бапкері Мейвезерге MMA-ға жоламауға кеңес берді © Allboxing

Ирландиялық UFC файтері Конор МакГрегордың бапкері Оуэн Родди бес салмақ дәрежесінде әлемнің 12 дүркін чемпионы болып, спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезерге ММА-ға келмегені дұрыс болады деген пікір білдірді, - деп хабарлайды Express Sport.

"Менің ойымша, Флойд октагонға шығу арқылы қателескелі жатыр. Оған аралас жекпе-жекке келудің еш қажеті жоқ еді. Мейвезер ММА-да өнер көрсетуі үшін барлық қыор сырын түсініп білу үшін уақыты жеткіліксіз. Бірақ мұнда басқа мәселе тұр, қомақты қаражат барлық келеңсіздіктерді басып кетеді", - деді Родди. 

Еске салайық, Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс кешін өткізгеннен кейін, аралас жекпе-жектен де бағын сынап көруді ұйғарған болатын. Тіпті, жаттығуда да білек сыбана кірескенін айтты. Ол өз сөзінде: 1Біз жаттығуды бастап кеттік. Физикалық тұрғыдан емес, жай ғана қарапайым шыдамдылықты арттыратын жаттығуларды бастадым. Аралас жекпе-жекте өнер көрсету туралы ойлап жүрмін, жалпы мұндай ой бұрында да болған. Қазір Майамиде күрес, джиу-джитсу сынды спорттың әдістерін меңгеріп жүрмін. Осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгім келеді", - деді Флойд.

Айта кетейік, Флойд Мейвезер 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Жарнама

Живи спортом!