МакГрегор UFC чемпионы болатын ирландиялықты атады

©Harcord

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор отандасы Иан Гарри UFC чемпионы бола алатынын айтады.

"Иан Гарри осы демалыста тамаша өнер көрсетті. Ол жекпе-жекті ғана ойлап, әр секундтан ләззат алды. Оның Ирландиядан шыққан UFC чемпионы атану әлеуетті осы демалыста айтарлықтай артты. Құттықтаймын, Иан, осы қалпыңнан тайма, бауырым", - деп жазпыты Конор әлеуметтік желіде. 

Иан Гарри UFC 276 тутнирінде Габриэль Гринді төрешілер шешімімен жеңді. ММА-де ол жалпы 14 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport