MMA
26 қаңтар 2021 14:49
 
МакГрегор соңғы кездесуінде алған жарақатына байланысты жарты жылға жекпе-жектерден шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор соңғы кездесуінде алған жарақатына байланысты жарты жылға жекпе-жектерден шеттетілді Сурет: UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегор UFC-де алдағы жарты жылда жекпе-жек өткізе алмайды. 

32 жастағы спортшы дәрігерлердің тексерісінен кейін жарты жылға жекпе-жектерден шеттетілді. Ол Абу-Даби қаласында UFC 257 Дастин Порьемен өткізген кездесуде оң аяғын жарақаттап алған. Осы себепке байланысты Конор алдағы 180 күнде кездесу өткізе алмайды. Бірақ оның жақараты жеңіл болып, дәрігерлер рұқсат беретін болса, шамалы ертерек кездесу өткізе алады. 

Еске салайық, Порье МакГрегорды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Олар негізі 2014 жылы да кездескен болатын. Ол кездесу Конор қарсыласын екінші раундтың бірінші минутында нокаутқа түсірген. 

Қазіргі уақытта Порьенің еншісінде 27 жеңіс, алты жеңіліс бар. Ал Конор болса, бесінші рет жеңілді. Ол 22 кездесуде жеңіске жеткен. 

Жарнама

Живи спортом!