MMA
22 қаңтар 2021 18:31
 
МакГрегор Нурмагомедовтен UFC чемпиондық белбеуін тартып алу керектігін айтты

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор Нурмагомедовтен UFC чемпиондық белбеуін тартып алу керектігін айтты Сурет: talksport.com

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтен чемпиондық белбеуді тартып алу керектігін айтты,- деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"Хабибпен жекпе-жек өткізу мен үшін қиын емес. Мұны мен бұған дейін де талай айттым. Бірақ егер ол қаша беретін болса, не істейтінімді білмеймін. Ол осылай маған реванш бермей, қаша берсе, одан чемпиондық белбеуді тартып алу керек. Сол кезде біз Порье екеуміз бұл белбеуді сарапқа салатын едік. 

Алайда біздің жекпе-жектен кейін Нурмагомедовтен белбеуді алып қояды дегенге сенбеймін. Дастинді жеңіп алайын. Содан соң не боларын көреміз", - деді спортшы.

Еске салайық, МакГрегор мен Порье қазақстандық уақытпен 24-қаңтар күні таңертең жекпе-жек өткізеді. Бұл UFC 257 турнирінің басты айқасы болады. 

Жарнама

Живи спортом!