МакГрегор Мейвезерге реванш беруге дайын екенін айтты
©Sky Sports
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор бокстан 12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық кіші Флойд Мейвезерге аралас жекпе-жек ережесі бойынша реванш беруге дайын екенін айтты.
"Мен 26 тамызды асыға күтіп жүрмін. Өйткені, бұл күні күллі әлемді таң қалдырамын. Ол (Мейвезер) менен қорқып жүр. Нокауттан есін жиған соң ол менімен екінші рет (реванш) кездескісі келеді. Мен оған екінші рет октоганда кездесуге мүмкіндік беремін", - деп келтіреді МакГрегордың сөзін ESPN басылымы.
Еске салайық, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Жарнама