Макгрегор мен Усман Twitter-де жанжалдасты

26 сәуір 2021 16:56
Сурет: Fight.ru
UFC-де екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор мен жартылай орта салмақтағы белбеу иегері Камару Усман Twitter желісінде өткір пікірлермен алмасты.

"Менде соңғы жекпе-жек жартылай орта салмақта болған кезде, маған небары 40 секунд қажет болды (Макгрегор Дональд Серроненің  жекпе-жегін айтып отыр), ал сен сол кезде рингсайдта отырдың. Оны қоя берші, сен неге Бернспен тағайындалған жекпе-жекті ауыстырдың? Не себеп болды, оны әлі күнге дейін ешкім айтпады? Анонсы жарияланған жекпе-жекті ауыстырудың не қажеті бар. 

Барлық осы "химиктер" (допинг қолданушылар) менен ары жүрсін, маған бәрібір. Мен жай ғана заттарды өз есімдерімен атаймын. Мені сол жерге жіберіңіз - мен үшінші белбеуді аламын", - деп жазды Макгрегор "твиттер" желісіндегі парақшасында. 

"Мен бір соққымен-ақ сені жартылай орта салмақтан ұшырып жіберемін, ал сен тіпті жеңіл салмақта біреуіне де әлің келер емес. Мен адамдардың "тозығын" шығарамын, ал сен әрдайым тозығың шығып жүреді.

Мен саған жекпе-жек ұсындым, ал сен жоғалдың. Сондықтан қарапайым бол, мырза", - деп жауап берді Усман өзінің "твиттерінде".
Метки: