Макгрегор мен Серроне жекпе-жек алдында көзге тік қарады

16 қаңтар 2020 16:38
© twitter.com/MacMallyMMA
Лас-Вегаста UFC 246 турнирінің қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті. Кештің басты кездесуінде ирландиялық Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (35-13) кездеседі, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Баспасөз мәслихатынан кейін файтерлер көз арбасты.

МакГрегор мен Серроне арасындағы жекпе-жек 19 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді.

Конор 2018 жылдың қазан айынан бері октагонға шықпаған, ол кезде ирландиялық файтер ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген еді.

Серроне болса 2019 жылы қыркүйекте өзінің отандасы Джастин Гэтжиден жеңілді.