МакГрегор мен Порье үшінші жекпе-жек үшін қанша алатыны айтылды

Сурет: mmajunkie.usatoday.com

Иралндиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье UFC 264 турниріндегі жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. 

Sporting Free ақпаратынша, МакГрегордың кепілді гонорары үш миллион доллар, ал Порье - бір миллион алады. 

Соған қоса, Конор ақылы трансляция сатылымының 60 пайызын алады, ал Порье - 40 пайызын. Осылайша, жалпылай алғанда МакГрегор 10 миллион доллар, ал Порье - шамамен үш миллиондай пайда көреді. 

МакГрегор мен Порье арасындағы үшінші жекпе-жек 11 шілдеге қараған түні өтеді. 2014 жылы өткен бірінші кездесуде ирандиялық спортшы бірінші раундта нокаутпен жеңген. 2021 жылы өткен қарымтада Дастин Конорды екінші раундта нокаутқа түсірді.