MMA
21 шілде 2017 10:52
 
МакГрегор мен Нурмагомедов желтоқсан айында жекпе-жек өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

МакГрегор мен Нурмагомедов желтоқсан айында жекпе-жек өткізуі мүмкін

Ережесіз жекпе-жекте Ресей намысын қорғайтын Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен күзде жекпе-жек өткізу керек екенін және UFC басшылары оған желтоқсан айында ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізуді ұсынып отырғанын айтты. Бұл туралы Аllboxing.ru порталы хабарлайды. 

"Менің Фергюсонмен әлі аяқталмаған жұмысым бар. Кейбір адамдар мен үшін Конор МакГрегор оңай қарсылас деп ойлайды. Бірақ мен қазір Конормен кездесуді мақсат етіп отырған жоқпын. Шамамен күзде мен Тони Фергюсонмен кездесу өткіземиін. Басқа ешнәрсе қызық емес маған. Қазіргі уақытта Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Ал UFC болса мені желтоқсанға дейін МакГрегорды күткенімді қалап отыр. Алайда менің алдағы жоспарым - тек Фергюсонмен кездесу", - дейді Нурмагомедов. 

Еске салайық, негізі Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы кездесу 5 наурызда өтуі керек болатын. Бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда ресейлік спортшы емханаға түсіп, кездесу кейінге қалдырылды. Содан соң Нурмагомедов енді ғана жаттығуға кірісті. Оның менеджері Али Адибель-Азиздің айтуынша, Нурмагомедов октоганга күзде оралады.

Ал Конор МакГрегор өзінің кезекті кездесуін 26 тамыз күні Лас-Вегасқа орта салмақта бокс ережесі бойынша америкалық кіші Флойд Мейвезермен өткізеді. 

Жарнама

Живи спортом!