UFC ұйымының атақты файтері Конор Макгрегор аралас жекпе-жекте жүрген ең мықты бұрымдыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол қырғызстандық 37 жастағы Валентина Шевченко (25-4-1).
"Валентина Шевченко ғаламат! Тамаша файтер. Мен үшін ол тарихтағы ең мықты бұрымды файтер", — дейді Макгрегор.
Еске салайық, Монреальде (Канада) өткен UFC 315 турнирінде Шевченко ең жеңіл салмақтағы титулын сегізінші рет қорғады. Кештегі басты айқастардың бірінде ол франциялық Манон Фиороны (12-2) төрешілер шешімімен жеңді.