UFC промоушенінің аңызға айналған спортшысы Деметриус Джонсон (31-4-1) жеңіл салмақта ONE Championship чемпионы атанды. Ал Конор МакГрегор болса америкалықтың жарқын жеңісіне тамсанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Кішкентай "күшті тышқаннан" тағы да керемет айқас!", - деп жазды Конор.
Еске салайық, Қайрат Ахметов (26-2) осыған дейін Джонсонды жекпе-жекке шақырған еді. Өз кезегінде Деметриус Джонсон қазақ файтеріне мүмкіндік беретінін айтты.