МакГрегор жеңісін түнгі клубта атап өтті

20 қаңтар 2020 12:04
Ирландиялық Конор МакГрегор америкалық Дональд Серронені жеңгеннен кейін, тойлау шарасын клубта жасады. Twitter желісіндегі MMA Junkie спортшының клубта жүрген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан ирландиялықтың достарының ортасында билеп жатқанын көруге болады. Мерекелік кеш Лас-Вегастағы Encore Beach Club клубында өтті.




19 қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирі аяқталды. Кештің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) америкалық Дональд Серронені (36-13) бірінші раундта нокаутпен жеңді.